Күні туды қайсыбір алаяқтың – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Күні туды қайсыбір алаяқтың» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 560
Күні туды қайсыбір алаяқтың,
Өсімінен қалады сені аяп кім?
Сауда заңы біріңді он есе ету
Ол пайдадан қалады жан аяп кім!
Зыр жүгіру — дені сау жастың ісі,
Қалтасы ток, қайғы жоқ мастың ісі.
Келеңсіз іс, керенау кей қылықтан
Кәрі-құртаң, кемтардың қашты түсі...
Үміт күткен бүгінгі жас талабым,
Бұрылсыншы тіліңе қас-қабағың.
Ағылшыны жоқ, бірақ көз сүрінеді
Ағылшынша жарнамасы астананың.
Аға тілді аспанға көтергеннен,
Пірдей көріп соңынан көп ергеннен,
Өзіңді қор, өзгені зор тұтқаннан
Аз болды ма азабың бекер көрген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күні туды қайсыбір алаяқтың өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Күні туды қайсыбір алаяқтың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күні туды қайсыбір алаяқтың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күні туды қайсыбір алаяқтың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері