Суық сұрға – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Суық сұрға» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 584
Өмірдің көріп бақты-ау қиянатын
Күшті жоқ қиянатты тыя алатын
Деп жүріп, иреңдеген суық сұрды
Келіппін маңайыма ұялатып.
Таныдым шұбалып кеп шаққан күні,
Ыстық қан жүрегімнен акқан күні.
«Оңдылар» одақтасып жаназамды
Шығарып жерлемек боп жатқан күні.
Бәрібір аққа күйе жаға алмады.
Қияр жан қиянатқа таба алмады.
Өзді-өзін әшкерелеп одақтастар
Шығуды қара майдан амалдады.
Оларға бастық болған екі еркек
Алдымда етеді екен өтірік көлкек.
Суық сүр ұясының ұятты оты
Өздерін азар қалды кетпей өртеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Суық сұрға өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Суық сұрға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Суық сұрға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Суық сұрға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері