Есіл

Бұл бетте «Есіл» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3533
Қең далада көсіле,
Күркіреген Есілім.
Қонған жырдай төсіме
Есіл сенің есімің.
Есіңдеме еді жер балқып,
Ойнаған дауыл сол біршақ.
Теңіздер көктен бұлт тартып,
Төгілген күннен от бұршақ.
Толқыныңнан бір жұтып,—
Толғана сенен жол тарттым.
Сағанда сонда тіл бітіп,
Тілеп ең жолын солдаттың.
Талма түстің шағында,
Төсіңнен соққан майда леп.
Бұрқанған от жалында
Мені іздеген қайда, деп.
Айналып саған келдім мен,
Анамдай болып сен Есіл.
Аймалап қоңыр желіңмен
Қойныңды аштың көл-көсір.
Гәусарыңды сапырып,
Жайдары жаздың кешінде,
Ойнайын жардан атылып,
Толқының болып төсіңде.
1949


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есіл өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Есіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері