Сыр

Бұл бетте «Сыр» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1002
Жолда қалған елімнің жүктері бар,
Жігіт болсаң – ізде, тап, бөктеріп ал.
Сөгілгенше қабырғам арқалаймын,
Көре алмассың ұлыңның төккенін ар.
Қорықпаймын ауыр деп арқамдағы,
Қайта ма деп қарындас қорқам бағы.
Мен, бір, көнбіс мініске қара нарың,
Жүре шалған ащыңды сортаңдағы.
Ере берем соңыңнан күй таңдаман,
Жампозыңмын індерден бұлтармаған.
Соқпағымен атаның тарта берем,
Адастырып кетпесе "қутаң" заман.
Ауыр жүгің көп болса мақтанамын,
Борбасармын, сатпйтын жатқа жанын.
Жете алмасам – бел кетіп, қомым ауып,
Аянды деп даттамаң, ақтап алың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыр өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Сыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері