Даңқ – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Даңқ» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 919
Құмарттым даңққа мен неге?
Береке бермес ол елге.
Сыймайды жаным кеудеме,
Толсам деп барша кемелге.
Ертеңгі күнім неғайбыл,
Талықсып жаным мен дейді.
Қырсығып дүние талай кіл
Еркіме менің көнбейді.
Айтарын ащы азаптың
Жамағат сеніп құп алса,
Пейіш пен олар дозақтың
Үнінің парқын ұға алса;
Есесі есіл еңбектің
Қалмасын білсем өсекке;
Тәрк етіп сотын жер-көктің,
Жатар ем тыныш төсекте.
Күдіктің бірақ мендегі
Сырына жете алмадым:
Қысқа ғой қызық жердегі,
Даңқтың да көрдік жалғанын.
Ақынның ертең жас ұрпақ
Әруағын, мейлі, көтерсін,
Кетеді, түбі, жатырқап.
Жады ғой бұл жұрт, не етерсің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Даңқ өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Даңқ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Даңқ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Даңқ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері