Адамдық парыз биік қалу деген – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Адамдық парыз биік қалу деген» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған адамгершілік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 966
Адамдық парыз биік қалу деген
Тер төгіп ризығыңды алу деген
Осыны өткермекші болып жүріп
Күн кешесің әркімге баруменен.
Дарынсыз төресымақ адамдарға
Түседі талант ісі тамәмдарға
Түлкіге, құбылдарға, жылымдарға
Шешімі тіреледі амал бар ма!
Тіленші осы емес пе тірлік деген
(Жақсылық тағдырынан кім күтпеген)
Жетпеген алысуға өшті өмірлер
Тас керең талабыңа ірілікпенен.
Адам дедім, алаламай
Жәйіп салдым жанымды
Қадарымша құрметтедім
Аямадым барымды.
Адам ұқты.
Надан қорықты
Деп істеді әрекет
Татымсызға еткен қайырым
Жүрегімді қарыды.
Ызғарынан бақи барар
Туды дауыл сарыны
Дауыл мәңгі болмағанмен
Толмасы бар орыны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адамдық парыз биік қалу деген өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Адамдық парыз биік қалу деген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адамдық парыз биік қалу деген өлеңі не туралы?

Бұл шығарма адамгершілік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Адамдық парыз биік қалу деген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері