Жыр селі – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Жыр селі» атты Жарылқасын Аманұлы жазған поэзия туралы өлең берілген.

Кейбірде жігерім құм болып,
Талықсып құлаймын төсекке.
Жырсыз күн өтеді мұң болып,
Саналмай тіршілік есепке.
Шабытсыз сар таңды атырып,
Ойлар көп, ойлар көп жүдеткен.
Қоятын тереңге батырып,
Тағдырдан ақындық тілеп пе ем?
Шарқ ұрып шабытты күйіттеп,
Қиялмен әлемді шарлаймын.
Жыр селі жіберсе құйып кеп,
Аурудан арылған жандаймын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері