Оңашада – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Оңашада» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бақытты боп тудым ба?
Бақытсыз боп тудым ба?
Екі арасы белгісіз.
Сүйінгенде бұл өмір,
Ешнәрсеге бергісіз.
Күйінгенде қасірет,
Енді қайтып көргісіз.
Ойлы болып тудым ба?
Ойсыз болып тудым ба?
Екі арасы белгісіз.
Кейдегі ойым керенау,
Есер күліп сенгісіз.
Кейде маған парапар,
Платон да бергісіз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері