Ана тілім
Бұл бетте «Ана тілім» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 29.12.2023
- 0
- 0
- 3022
Ана тілім,
Дана тілім!
Татыған таңдайыма дара шырын,
Аяулы ақ сүтісің анашымның.
Мен сенің құдіретіннің арқасында,
Өмірге бересімін, аласымын.
Мен сенің құдіретіңе басымды иіп,
Сенімен сөйлеу үшін жаратылдым.
Мен саған бір қиянат жасап жүрсем,
Тәніңнің жазылмайтын жарасымын.
Жараңды сылып таста ушықтырмай,
Сан ғасыр сақтап келген жан асылым.
Бір Алла сый ғып берген жан асылым!
Дария дана тілім, ана тілім.
Сенімен өршіл бабам ұран салып,
Қапастың тіліп түскен қара түнің.
Ұрпақтан ұрпақтарға мұра болып,
Өзінсің артта мәңгі қалатыным.
Пірсіз бен ділсіздердің кесірінен,
Қайырылды-ау қауырсыны қанатымның.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі