Ұялшақсың қандай өзің – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Ұялшақсың қандай өзің» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 801
1
Ұялшақсың қандай өзің,
Құш, жас жігіт, мені құш!
Етесің сен қайтіп төзім;
Көрдің бе әйел сен тұңғыш?
Жүрексініп жатырсың сен,
Қойным ыстық, құшағым кең.
Қишы маған ләззат сәтін,
Шыдамайды менің дәтім!

2
Күтіп сені екі көзім,
Үңілуші ем терезеге.
Келуші едің жалғыз өзің,
Көңлім алаң болған кезде.
Күмістей ай шашып нұрын,
Түсіруші ед сәуле қырын.
Аспандағы ай күндес маған,
Мақтанушы ем деп бір саған.

3
Ғайбаттықтан қайнап сорым,
Жүзіқара мен болдым көпке.
Жер бетінде әйел жолын,
Масқаралау әділет пе?
Сен, күнәсыз жоқ әйелдер,
Келсе орайы еркін билер.
Бірдің көңлін, көптің көңлін
Жықпауға олар салар өмірін.

4
Асырады кемпір өгей,
Бұйырмады сауық-сайран;
Қызықтың мен қамын жемей,
Қалды адыра қайран көркім.
Болды маған тағдыр қатты,
Он бес жаста ерге сатты.
Ішқұстыға таба алмай ем,
Көз жасыма жалындым мен.

5
Аймалайын сені сүйіп,
Бетте ашылған абырой жоқ,
Тіршіліктің қамын тыйып,
Сүйші, жаным, қожайын боп!
Құшағыңмен сығып жібер,
Ләззаттан жалмасын жер.
Махаббатқа не шара бар,
Болшы маған бір-ақ күн жар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұялшақсың қандай өзің өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Ұялшақсың қандай өзің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұялшақсың қандай өзің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұялшақсың қандай өзің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері