Елге арнау

Бұл бетте «Елге арнау» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2180
Саясат – сайқал бір әлем,
жайдақ сөз, арбау, бұлтару.
Сүлдерін сүйреп жүр әрең
қорғаушым жалғыз – жыр-қару.
Жайым жоқ жүрер амал ғып,
жанымның жетеді жарасы.
Саясат пенен адалдық –
өзеннің екі жағасы.
Сенімді сезу – маған жүк,
жансауғаласам, кеш, қауым:
Саясатым менің – адалдық,
жалтақтық – бітіспес жауым.
Құлағын салар басшы кем,
шындығыммен ғана мықты едім.
Жауын-шашынның астымен
күнелтуді менен күтпе, елім!
Жылмаң ортамен жұғыспан,
жүдеулерді жасқап жерлесе.
Жасымнан жаным ұғысқан
шындығыма тарттым ендеше!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елге арнау өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Елге арнау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елге арнау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елге арнау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері