Ақ бесігім – Қарағандым – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Ақ бесігім – Қарағандым» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көкірегімде жұпар желі Сарыарқаның,
Тасып жатқан дариядай дән алқабың.
Қайда жүрсем, көз алдымда тұрасың сен –
Шалқар көлім, шалғын белім, самал тауым.

Қайырмасы:

Жері жомарт, елі дарқан,
Бар қызығым сенің арқаң,
Ақ бесігім – Қарағандым.

Жүзі жарқын, жүрегі ыстық, жаны көктем,
Жігіттерің жаралғандай жалын-өрттен.
Сары даланың шалқып ескен самалындай,
Сарыарқаның арылмайды әні көктен.

Қайырмасы:

Жан жайлауым – жасыл орман, таулы құздар,
Баурайында балауса гүл, балғын қыздар.
Құтты мекен қырандары қияға ұшқан,
Аспанында жарқыраған ақ жұлдыздар.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ бесігім – Қарағандым өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Ақ бесігім – Қарағандым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ бесігім – Қарағандым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ бесігім – Қарағандым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері