Бота көзді көлдерім – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Бота көзді көлдерім» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жас кеттім, мен өзіңнен жалғыз кеттім,
Жаныма жарық болар таңды іздеппін.
Құлшынып, қия белде қиял қуып,
Кеудемнен қоңыр сазды әнді үзбеппін.

Қайырмасы:
Бота көзді көлдерім,
Боз жусанды белдерім,
Алыс-жақын жүрсем де, туған жер,
Аңсағаным сен менің.

Талпындым, өрге шықтым, құлдырадым,
Үйрендім ерке назды бұлбұл әнін.
Кеудемде күндіз-түні жырласын деп,
Таулардың құйып алдым мың бұлағын.

Қайырмасы:
Даламның араладым белесін көп,
Кеудемді қоңыр сазбен бөлесін деп.
Талпындым таудың биік қиялына
Туған жер мені жасық демесін деп.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бота көзді көлдерім өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Бота көзді көлдерім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бота көзді көлдерім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бота көзді көлдерім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері