Айна көлім

Бұл бетте «Айна көлім» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көгеріп көрінбейді айна көлім,
Көктем де желпімейді майда лебің.
Ағарып атқан таңдай қарсы алатын
Аяулы ақ сұңқарым қайда менің?!

Ақ жүзін көрмегелі айлар өтті,
Көктем де жақындады майда лепті.
Сәлемін жеткізбейді жел де маған,
Аяулы ақ сұңқарым қайда кетті!

Күн сайын қарсы аламын таң арайын,
Қалқаның алма бағын аралаймын.
Сыбырлап сыр айтпайды сұлу емен,
Мүлгиді тасаланып бала қайың.

Көгеріп көрінбейді айна көлім,
Көктем де желпімейді майда лебін.
Алтын ай, сыбырлашы, сағындым ғой,
Аяулы ақ сұңқарым қайда менің?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айна көлім өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Айна көлім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айна көлім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айна көлім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері