Күн де әбден жалықты жарқыраудан – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Күн де әбден жалықты жарқыраудан» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 574
Күн де әбден жалықты жарқыраудан,
Сарқырама шаршады сарқыраудан.
Жапырақтар тас жолға жабысып ап,
Жаңбыр жырын айтады жалтыр аудан.
Биік терек жел тербеп шайқалады,
Жаңбыр, жаңбыр, сол жаңбыр айтар әні.
Жапырақтың төбеде қалықтаған.
Батыл-батыл ойлары байқалады.
Шыдам біткен түсті де қақпақылға,
Жел жынданып, симастан жатты ақылға.
Қара балшық иленді жасын жұтып,
Тарс есінен айрылған ақпа құмда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн де әбден жалықты жарқыраудан өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Күн де әбден жалықты жарқыраудан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн де әбден жалықты жарқыраудан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн де әбден жалықты жарқыраудан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері