Жырла көктем, жырламас халің бар ма – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Жырла көктем, жырламас халің бар ма» атты Шәмшия Жұбатова жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1011
Жырла көктем, жырламас халің бар ма,
Сағынышын сабылтқан сағым барда.
Көрсем деумен үздігіп жүрген едім,
Дауыл соғып тұратын дабылдарда.
Дауыл кетті, қар көшті, боран өшті,
Сана бастап барады сара көшті.
Көшкен жұрттың орыны елеусіз қап,
Жазылмай тұр сыздаған жарам ескі.
Көкшіл сәуле құйылып тұнық түптен,
Тамылжыр деп құс әні, үміт күткем.
Қанат бітіп қалықтап бара жатыр
Жасыл ту боп шайқалып сырық біткен.
Көгілдір көк, жасыл жер, бояу қанық,
Жаңғырады, түлейді ояу қалып.
Өшпей қалған жүректе Отаным бар,
Ауыл оның есімі аяулы, анық.
Дала деген Отан бар жүрегімде,
Күн шағылып тұрады күрегінде.
Балалықтың елін бір көрсем деумен,
Жүремін де қоямын, жүремін де.
Жайна, көктем! Даламды еске салған,
Шырақ жанып тұрады өшпес алдан.
Желбірейсің жүректе орамал боп,
Маржан тізіп шетіне кесте салған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жырла көктем, жырламас халің бар ма өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Жырла көктем, жырламас халің бар ма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жырла көктем, жырламас халің бар ма өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жырла көктем, жырламас халің бар ма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері