Сәлем жолдап көктемнің кептерінен – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Сәлем жолдап көктемнің кептерінен» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 736
Сәлем жолдап көктемнің кептерінен,
Жыр жазамын Бейнеудің беттерінен.
Алатаудың басынан алып келген
Аппақ қары көңілдің кетті еріген.
Жұпар гүлі жүректің үсімеген,
Тарта берді әдемі түсіменен.
Бейнеу жаққа тағы да барсам деймін
Қалықтаған қанаттың ұшыменен.
Қауырсыны қатайған қанат барда,
Ғашық болдым тау, дала, танаптарға.
Менің асау арманым ақ желкен боп,
Жүзіп бара жатады алаптарда.
Бейнеу, Бейнеу бозарған бозыменен,
Желбірейді жейдесі, созып өлең.
Түн келгенде өзің боп оятады
Бір сағыныш қап-қара көзіменен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәлем жолдап көктемнің кептерінен өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Сәлем жолдап көктемнің кептерінен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәлем жолдап көктемнің кептерінен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәлем жолдап көктемнің кептерінен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері