Бiр тамшы көздiң жасындай – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Бiр тамшы көздiң жасындай» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1323
Құмарым қойды-ау басылмай,
Қабағым сенсiз ашылмай.
Көркiңнен əзiз айналдым
Бiр тамшы көздiң жасындай.
Жабырқап жүрем жəйдан-жай
Жанымды қояр жай болмай,
Алдымнан күлiп шықпасаң
Аяулым менiң ай маңдай.
Бейiл де бермей, бездiрмей,
Бейсəубет жанды көзге iлмей,
Өзгеше күйдi мендегi
Өзiң де, жаным, сездiң ғой?..
Лəззатың болса шекердей,
Қайғың да маған жетердей:
Аһ ұрған сайын жүрегiм
Аузымнан шығып кетердей!..
Жайымды айтсам жасырмай –
Жағдайым менiң осындай,
Жаным-ау, менiң мөлт еткен
Бiр тамшы көздiң жасындай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бiр тамшы көздiң жасындай өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Бiр тамшы көздiң жасындай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бiр тамшы көздiң жасындай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бiр тамшы көздiң жасындай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері