Саған бола

Бұл бетте «Саған бола» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1308
Саған бола таң ататын сияқты,
Тауға нұрын жалататын сияқты.
Барша əлемнің базары мен назарын
Бір өзіңе қарататын сияқты!
Саған бола Күн шығатын сияқты,
Ұмсынатын, құлшынатын сияқты!
Құмарлықтың құшағында өртеніп,
Тұншығатын, тыншығатын сияқты..
Саған бола Күн бататын сияқты,
Тұңғиыққа шым бататын сияқты.
Жер бетіне сия алмай да қия алмай,
Үзіріңе үн қататын сияқты.
Саған бола Ай туатын сияқты,
Сəулетіңе сай туатын сияқты.
Айнамкөлде арманыммен тілдесіп,
Əнім менің айтылатын сияқты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саған бола өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Саған бола өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саған бола өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саған бола өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері