Қыз бейнелі маусым айы туғанда – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Қыз бейнелі маусым айы туғанда» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1524
Қыз бейнелі маусым айы туғанда,
Көрген адам ақыл-естен танардай.
Қойбүлдірген көп шығатын бұл маңға,
Тақиямен іліп ала салардай.
Ағытпаған қозылардай көгеннен,
Көздің жауын алатындай мүсінді.
Қойбүлдірген тәтті еді ғой, дегенмен,
Артық жесең жасытатын тісіңді.
О, балалық, құстар салған ән еді,
Сен келмесең қалушы едім сәл жүдеп.
Сенің тұрқың бүлдіргеннен әдемі,
Сенің күлкің бүлдіргеннен дәмдірек.
Хан болса да өткізердей тіліңді,
Сөйлеуші едің атқан таңдай алаулап.
Шашушы едің сыңғыр-сыңғыр үніңді,
Ынтық болып ақ жүзіңе бар аумақ.
Қауқар кетіп қатарыңда жүре алмай,
Тартушы едім таңғажайып мүлде азап.
Бүлдірген бе, күлкің бе, әлде біле алмай,
Ертек күйге түсуші едім бір ғажап.
Періште шақ,
Болса да ертең жол бұлдыр,
Аңқау, таза...
Жолатпайтын жаны мұң.
Бала күнде дәмін татқан сол құрғыр,
Таңдайымнан кетер емес әлі күн!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз бейнелі маусым айы туғанда өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Қыз бейнелі маусым айы туғанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз бейнелі маусым айы туғанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз бейнелі маусым айы туғанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері