Шырқа, сәулем, алдымда
Бұл бетте «Шырқа, сәулем, алдымда» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шырқа, сәулем, алдымда,
Шаттық жырын шалқыған.
Енсін рақат жаныма
Отқа кеше шарпылған.
Сенің шаттық әніңде
Қуаныш бар, бақыт бар.
Ән құйылса көңілге,
Жанның сырын ағытар.
Қуанышты жырыңмен
Жас болармын қайтадан.
Сенің тәтті үніңмен
Жасарғандай қайта жан.
Шырқа, сәулем, алдымда
Шаттық жырын шалқыған.
Енсін рақат жаныма,
Отқа кеше шарпылған.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі