Бұл бетте «Менің шөжелерім» атты Тофик Мүталлибов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шеп, шеп, шеп, шөжелерім,
Шеп, шеп, шеп, шеп, шөжелерім!
Мамық жүнді шөжелерім,
Нәзік үнді шөжелерім.
Кек шалғында жайылыңдар,
Тез,келіңдер,жайылым бар.
Әй, менің шөжелерім,
Әй, менің шөжелерім,
Балғын бөбек, шөжелерім.
Шеп, шеп, шеп, шөжелерім,
Шеп, шеп, шеп, шеп шөжелерім!
Мамық жүнді шөжелерім!
Нәзік үнді шөжелерім.
Не жейсіндер,мен берейін.
Су берейін, жем берейін.
Әй, менің шөжелерім,
Әй, менің шөжелерім,
Балғын бөбек шөжелерім, шеп. 3 рет.
Тез-ақ өсіп толарсыңдар,
Ақтауықтай боларсыңдар.
Әй, менің шөжелерім,
Әй, менің шөжелерім,
Балғын бөбек шөжелерім. 3 рет
Шеп, шеп, шеп шөжелерім,
Шеп, шеп, шеп, шеп, шәжелерім.
Мамық жүнді шөжелерім,
Нәзік үнді шөжелерім, шеп. 3 рет
Аударған Мұзафар Әлімбаев
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі