Бұл бетте «Бесінші кітаптағы өлең» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған поэзия туралы өлең берілген.
Мәрттік жасап,
Жаратушы тым сараң,
Бәрін бере салған екен бір саған.
Еркіңді алып,
Елжіретіп жаныңды,
Мөлдіреуге бола ма екен мұншама?!
Жұлдыздарды жәудіретіп қиырдан,
Жер бетінің бақытына бұйырған.
Қабырғадан жаралмаған...
Нәп-нәзік
Жүректердің лүпілінен құйылған.
Қатарыңда шәрбәт демді шырайлым,
Жолда қалар сұлулығы күн-айдың.
Тұңғыш рет таңдай қағып, бас идім,
Құдіретті екеніне Құдайдың.
Жұмақты айтса, сен туралы түс көрем,
Ғарышқа ұшам жасыл қанат құспенен.
Өлең ғой бұл баяғыда жазылған,
Кітаптағы көктен әлі түспеген!...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі