Бойжеткен арманы

Бұл бетте «Бойжеткен арманы» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1790
Қандай тәтті бойжеткеннің арманы,
Елестеткен бар өмірін алдағы.
"Қиял отау" кіріп алсаң шыққысыз,
Тіршіліктің зіл салмағы алда әлі...
...Тумадым деп хаса сұлу мұңайма –
"Мен риза қара торы шырайға,
Саған ғана ынтазармын!" – десе, а?
Алғыс болсын айтатұғын Құдайға.
...Болса өзі өткір жігіт, бойы ұзын,
Деп тұрғандай мен ерлердің сойымын.
Ал қыздарда жалғыз сұрақ, бір дәме,
Кімге жұлдыз, кімге бақыт, ойы кім?..
...Сонда айтса ғашық болдым өзіне,
Ештеңе етпес сәл қысықтау көзі де.
Сұлудан да сүйген сұлу деген бар,
Алса түсем осы қыздың тезіне.
Мұрны тәмпіш десе егер... о несі?
Сөз қыла ма сүйгенінің денесін?
Айтса айтсын, сол мұрын мен сол көзбен,
Жүзіп кетсем, мініп бақыт кемесін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бойжеткен арманы өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Бойжеткен арманы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бойжеткен арманы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бойжеткен арманы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері