Сезімдер

Бұл бетте «Сезімдер» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.06.2022
  • 0
  • 0
  • 784
Тасыған сүттің көбігі сынды игертпей,
Бас ала қашып, саусаққа сезім үлгертпей
Сабаға түспес, арыны күйші басылмас,
Кеудені жарып шығатын жойқын күй шертпей.
Ақиық ақын сермейді құлаш айға анық,
Жанады лаулап, қалмайды олар жай налып.
Ел мұңы дерт боп жүрекке енсе аянбас,
Тынады жарып, қалады сосын жайланып.
Әншіні кернер өзектен бір үн көтеріп,
Басылмас кеуде, сезімге кеткен еті өліп.
Аштырып аузын, қақтырып таңдай баршаға
Қалғанша борыш мойыннан түсіп, өтеліп.
Сезімін шашар ақкөңіл адам аңқылдай,
Еңбекқор пенде тоқтамас терге малшынбай.
Ғашықтық құшақ қарысып қала жаздамай,
Қанар ма мейір Әлемді, байтақ, тарсынбай.
Сезімін қанат етіп ап шырқар қырандар,
Ойлатпай қауіп тіктірер басты ұран бар.
Анандай жақын сезім бар біреу көзінде,
Сезімін зәр ғып шашады улы жыландар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сезімдер өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Сезімдер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сезімдер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сезімдер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері