Бөлінбес енші

Бұл бетте «Бөлінбес енші» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 507
Не болған маған —
Сендермен, сезім, тілдеспей?
Қарамай қағаз
Бетіне оның күндестей.
Бірімен бірі
Шашылған ойлар үндеспей,
Не болған маған
Жолдардың маржан
Мағызын шайнап күй кешпей?
Қалдым ба жұртта
Қасаң ой талмап, сағыздай?
Емес пе ем бір кез
Сендерді баққан нағыз бай.
Көңілді күйттеп,
Көйлекті биттеп кеттім бе,
Барам ба сөніп,
Жұпарлы сөзді
Шоғыңа сенің тамызбай?
Сананы кернер
Бой бермес ойлар қайдасың?
Өріссіз қалып
Жүр ме екен "алпыс" жайғасын?
Сәлем де оған,
Жетпіс пен сексен алда де,
Қарттыққа ерте,
Сертінен берген,
Шабыстан әзір таймасын.
Жиып ап миға
Әлемдік барлық қайғыны —
Бататын ойға
"Елім" деп "Жерім" қайда ұлы?
Тоқырап қалма,
Ақиқат біреу қашанда
Ойлаған ойың —
Бөлінбес енші,
Меншігі елдің, байлығы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бөлінбес енші өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Бөлінбес енші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бөлінбес енші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бөлінбес енші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері