Сағынамын – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Сағынамын» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1064
Жүрек сыздай бір жанды сағынамын,
Бұ не ғажап!, тек соған шағынамын.
Көріктіме дана ма батыр ма екен
Кім болса да бас ием тағына мың.
Соған тартса үйдегім, қиядағы ұл,
Ұқсаса екен шеттегі, ұядағым.
Арсыз жанға кездессем бетім күйіп,
Байқап қалды-ау деп содан ұяламын.
Ол елдерді ел етер елдестіріп,
Ол жұрттарды жұрт етер жерлестіріп.
Салыстырсам қомсынам бұ заманның
Жақсыларын онымен шендестіріп.
Айналды ойдың сол бір жан мәйегіне
Берсе сондай, Ұлы Алла, пай, еліме
Сол адамнан кем түсіп не бір ойы,
Обал боп жүр кей-кейде әй, еліме.
Ашылмайды қабағым қатыңқылау,
Елдің байқап болмысын, затын, "тымау".
Қатпар дертке халқымның ем таба алмай,
Суық шалды жан-тәнді, шашым қырау.
Сондай таңда мені де күтеді өлең.
Сондай сәтте үзілем, бітеді, өлем.
Дәл сол шаққа жеткенше үміт үзбен,
Сол бір жанды сағына күте берем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағынамын өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Сағынамын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағынамын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағынамын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері