Есті боп жүргенде есер, мақұлдар да – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Есті боп жүргенде есер, мақұлдар да» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1007
Есті боп жүргенде есер, мақұлдар да,
өзінен жұртқа ауысар ақыл бар ма.
Адамдар – есерің бар, мақұлың бар,
немкетті қармаңдар ақындарға!
Басады аршымасаң тасты құмдар,
ескергін боксшың бар, бастығың бар –
ақынның бірегейі, ортасы ма –
бәрінде тәтті мұң бар, ащы мұң бар.
Мұң барда – көрегендік, ақыл да бар,
ой да бар даналықпен жақын қонар,
бірлік бар, бірлік барда халқың да бар,
тілің бар, тілің барда затың қалар.
Жаттап ал, жырларының білме бәрін,
тек жанын жаралама, кірлеме әрін.
Ақынның жаманы да
тірі жүрсе
сатпайды еш уақытта тіл мен әнін!
Бөріні тоқтыңды алған тақымдадың,
менің де бір тоқтыға татыр мәнім.
"Өлмесе, өрем қапсын!" –дейтұғындай,
адамзат, сансыз емес ақындарың!
Қару ап, жүрмесе де қол басқарып,
шығады ол қалың жаудан жолдасты алып.
Елі үшін елден бұрын аласұрған
ақынын аласартар болмас халық!
1985


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есті боп жүргенде есер, мақұлдар да өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Есті боп жүргенде есер, мақұлдар да өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есті боп жүргенде есер, мақұлдар да өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есті боп жүргенде есер, мақұлдар да өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері