Ғұрып күші

Бұл бетте «Ғұрып күші» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 759
Ғұрпымыз солай, өлгенді жоқтап жылайды,
Ағайын түгіл бейтаныс жасын бұлайды.
Ауырын зардың, шығынын малдың бөлісер,
Қайғылы жанын түсінген жандар былайғы.
Жатады аяп, жоқтаусыз жанды "пақыр" деп,
Бермесін басқа, қайыры болсын ақыр тек.
Жоқтатпай артын жібермес ұлы сапарға,
Естиміз біреу, әйтеуір, жоқтап жатыр деп.
Бауыры жұқа халықпыз, біздер, ежелден,
Құшағын жайған, кездікті көрмей кезелген.
Жуылып жаспен сақталған таза пейіші,
Ғұрыптың күші сезімтал еткен, сезем мен.

Алматы. 29.09.1994 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғұрып күші өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Ғұрып күші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғұрып күші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғұрып күші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері