Жүрек жұтқан ерің мен – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Жүрек жұтқан ерің мен» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.04.2021
  • 0
  • 0
  • 925
Аман қалған ажал оқтан, өлімнен,
Тұрып кеткен салып қойған көріңнен,
Қорқынышқа қылбұрау сап үйреткен —
Жүрек жұтқан, мақтанайын, ерің мен!
Содан құнын бұл жалғанның ұғынғам,
Содан еркін, тәуелсіздеу бүгінгі ән.
Кісілікті, ізгілікті жырлайын,
Түсіргенше жұлып қайта тұғырдан.
Ренжімен жолым болмай жүрсе де,
Қуанамын болар-болмас нәрсеге.
Дүниенің бар байлығы менде енді,
Қақпасам да етігіме бір шеге.
Кешірімшіл болып алдым бәріңе,
Өсекшілді жібермеймін әріге.
Ей ағайын! Уайымым — жаныңды,
Суаратын бастауыңның нәрі не?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрек жұтқан ерің мен өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Жүрек жұтқан ерің мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрек жұтқан ерің мен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрек жұтқан ерің мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері