Қазақтың ақын бұлбұлы

Бұл бетте «Қазақтың ақын бұлбұлы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 549
«Мекен қып сусыз аралды,
Амалсыз қонған қаз» едің.
Қанатын қомдап, көк шарлап,
Ұша алмай еркін наза едің.
Сабырмен күтіп «Сұңқарды»
Көрмедің жасып, бас иіп,
«Аралдан елсіз» құтқарды
Азаттық атты ақиық.
Еркіндік алып айдынның
Ақ төсін ерек шарладың.
Жаңарған байтақ елінде
Сандуғаш сынды сайрадың.
«Үлгілі сөздің» ұстасы,
Өнері асқан өрім ең.
Ертерек кеттің амал не,
Осынау сәнді өмірден.
Толқыған жүрек түбінен
Арналды сізге бұл жырым.
Гүл-жырға бөлеп өтерміз,
Қазақтың ақын бұлбұлын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақтың ақын бұлбұлы өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қазақтың ақын бұлбұлы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақтың ақын бұлбұлы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қазақтың ақын бұлбұлы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері