Өткенді елес қып, есті із ғып – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Өткенді елес қып, есті із ғып» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Өткенді елес қып, есті із ғып,
Түйіскен жолдарды кеш түздік.
Мұнымыз ессіздік емес тек,
Мұнымыз – шексіздік.

Жуымай қойса да жеңіс түк,
Біз — Жердің нүктесі ең ыстық.
Екеуміз жасаған бір әлем,
Ол әлем – кеңістік.

Мұң атып, біресе гүл атып,
Жылатып, біресе жұбатып
Жүретін біздерді
Баяғы – уақыт.

Аз күндер, жаз күндер — азық-құт,
Наз күндер жіберді нәзік қып.
Кеңістік қанша кең болса да,
Мен саған оралам,
Жазықтық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өткенді елес қып, есті із ғып өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Өткенді елес қып, есті із ғып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өткенді елес қып, есті із ғып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өткенді елес қып, есті із ғып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері