Тұтқасы тірлік аналар

Бұл бетте «Тұтқасы тірлік аналар» атты Сайын Назарбекұлы жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1074
Әбіш Кекілбайұлының анасы, ел анасы – шешем Айсәулеге арнадым

Көрсоқыр заман қырсығып,
Көрсетті "жаудың" қызы ғып.
Маңдайды кетті бір сызып,
Жүректе қалды бір сызық.
Есерсоқ соғыс дүр шығып,
Еріңді алды қырсығып.
Маңдайды кетті бір сызып,
Жүректе қалды бір сызық.
Айрылып тағдыр талағы,
Шектің ғой қайғы-наланы.
Сыздайды-ау жүрек, әжімің
Тереңдей түсіп барады.
Болаттан бетер бекіне,
Кешпеген сендер кесір жоқ.
Жетім боп қалған жетіде,
Он жеті жаста жесір боп...
Ардақты біздің аналар,
Аян-ды қабақ шытпасы.
Ерлікке өмірі барабар,
Өздерің тірлік тұтқасы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұтқасы тірлік аналар өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Тұтқасы тірлік аналар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұтқасы тірлік аналар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тұтқасы тірлік аналар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері