Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған – Danyal2112

Бұл бетте «Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған» атты Danyal2112 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған,
Ертеңі үшін қару-жарақ жастанған.
Ұлтарақтай жерді де жауға берместен,
Талай түндер көкжалдай көкпен сырласқан.

Жат жұрттықтан жер түгіл көгін қорғаған,
Жаны тұрмақ жәндігін жауға қимаған.
Бес ғасырлық сыры бар тарих қойнауы,
Таң қалдырып, тамсантар әлі қайтадан.

Билерім бар Майқы, Аяз, Төледей,
Қазыбек пен Әйтекем бар төбедей.
Бұқар жырау бастап тұрған көш басын,
Кешегі Сүйінбай, Жамбыл, Үмбетей.

Батырларым Райымбек пен Қабанбай,
Жасыбай, Баян, Қанжығалы Бөгенбай.
Қару ұстап майдан шебін көрмей-ақ,
Ел үшін кеткен ағам бар асыл Қайраттай.

Айта берсем күн де, түн де жетпейді,
Кешені білмей бүгін бетін бермейді.
Тәуелсіз ұлан ел өткенін қадірлер,
Біздер үшін назарың төмен түспейді.


Пікірлер (1)

надира

өте тамаша

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар