Қазағым
Қазағым қамыңды жеп қарайлаған,
Өтті ғой бұл өмірден талай данаң.
Ержүрек ерлерің аз, ездерің көп
Айтарын ашып айтпай абайлаған.
Түзермін деп жүргенде сәл кейін кеп,
Ұлыңнан жігер қалар көп кейіндеп.
Есі барда елінің емін тапқан
Қайда сол өр Жүсіпбек, ер Бейімбет?
Ұят-ай қоян жүрек жансыз балаң,
Қаптаса қара тұман қалшылдаған.
Мүгедек арсытаннан қандай пайда
Апанның ауласында арсылдаған.
Шындықты орақ тілім жырла тұрмай,
Оятуға намысты сайра тынбай.
Қазағым деп қайғылы қасірет қапқан
Қайран сол қыршын кеткен Қайратым-ай.
Шу шықса айлық жерден жауға беттер,
Шыншыл жүрек, әр істі әділ реттер.
Қасық қаны қалғанша халқым деген
Қайда сол ,Қарасайлар, Махамбеттер?
Қалған ба бәрі бірдей жасып бүгін,
Неліктен осыншама жасық ұлың?
Қасқайып қара бұлтқа қалқан болған
Қайда сол қайсар жүрек Қасым ұлың?
Тәлім ап жүр ұлдарың көп су мидан,
Ағасының шірігін іні жиған.
Өз дінін өзі жаншып, тұншықтырып
Жүр әне Иса орнында өңкей Иван.
Қазағым ар-намысың құлатылды,
Ұлдарың қайда өсті, қайда туды?
Өз тілін жайбарақат жатсынатын
Қазағым жеткізіпсің тым жат ұлды.
Қазағым жұртым жатыр қайнатылмай,
Қанжарың жіп кесуде қайратылмай.
Ұлың жоқ ұстап мінер қазығына
Асауың қаңғып барат байлатылмай.
Суырылып, алға шығып жас ұлдарың,
Білдірсін кеудесінде жасын барын.
Бабаның мол мирасын мұраға алған
Қазағым қайда асылдарың?
Қайдас сол жалын жүрек жасындарың?!
- Ескен Елубаев
- Дмитрий Иванович Писарев
- Мишель де Монтень
- Платон
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі