Кел, жылдарым – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Кел, жылдарым» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1782
Жұлдызы бар, жүрегімнің сөнбейтін,
Арманы бар жұлдызымның - өлмейтін,
Шақырады мені ілгері қашан да.
Жұтып болған жоқпын өмір шырынын,
Шертіп болған жоқпын күйін жырымның
Құмармын мен өлмей ұзақ жасауға!
Мен ғана емес, өзі науан уақыттың
Тұр көтеріп тозбас туын бақыттың,
Айтыңдаршы, қартаюға мүмкін бе?
Кел, жылдарым, менің жарқын жылдарым,
Көтер мені, жарқырасын жырларым,
Құй кеудеме қуатыңды, іркілме!

1948


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері