Жұмыртқаның сарысындай ішігі

Бұл бетте «Жұмыртқаның сарысындай ішігі» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2598
Жұмыртқаның сарысындай ішігі
Сап-сары боп құстың шөже-кішігі
Өсіп жатыр...
Өсіп жатыр бір жерде
Қарсақ пенен түлкінің де күшігі.
Туа сала тастап кеткен анасы
Көжектерге толы қазақ даласы.
Өсіп жатыр...
Өсіп жатыр бір жерде
Қара құс пен жапалақтың баласы.
Енесіндей тәтті ұйқысын бөліп түн,
Қозы-лағы ақ марал мен еліктің
Өсіп жатыр...
Өсіп жатыр бір жерде
Бөлтіріктер майын сорып кеміктің.
Бәрі сәби,
Бәрі бөбек қоныстың.
Күлкіменен толтырады жол үстін...
Бір жерлерде жұмыртқасын жарғалы
Жатыр ма екен балапаны соғыстың?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмыртқаның сарысындай ішігі өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Жұмыртқаның сарысындай ішігі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұмыртқаның сарысындай ішігі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұмыртқаның сарысындай ішігі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері