Жылқы ішінде дөнен кер – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жылқы ішінде дөнен кер» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2846
Жылқы ішінде дөнен кер,
Ақылы мол кемеңгер.
Кемеңгер атадан айрылдым,
Қалайша жылайды демеңдер.
Ағайын-туған кеп жатыр,
«Жыламаңдар» деп жатыр.
Кемеңгер атадан айрылып,
Ішімді қайғы жеп жатыр.
Алтынды ердің қасы едің,
Ағынды судың тасы едің.
Жыламайын десем де,
Бір ауылдың басы едің.
Дүние жидың етектеп,
Өсірдің жастай жетектеп.
Есімде менің бар ма еді,
Сіз айрылып кетед деп?
Ана бір таудың киесін,
Жайылып жатқан түйесін.
Салулы төсек, салқын үй,
Қиды екен қайтып иесін!
Өзеннің бойын қар алған,
Сай-салаға таралған.
Артыңда қалған өңкей жас,
Ақыл таппай сандалған.
Алдымда асқар бел едің,
Ақылы дәрия кен едің.
Ақылшы болған ауылға,
Бәрімізге тең едің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері