Мәлік – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мәлік» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1213
Гүлдер – қызыл,
Жасыл майса.
Қауын – сары
Пәлек жайса.
Қарбыз – ала,
Сары – сиыр.
Қайнар бұлақ
Шымыр-шымыр.
Алтын бидай,
Мөлдір жүзім.
Шекілдеуік
Тілім-тілім.
Енді құлақ
Салғын маған.
Айтайыншы
Бір сөз саған.
Бір досым бар
Мәлік атты.
Өзі жақсы,
Тым сымбатты.
Шашы қара,
Көзі қара.
Жүзі аппақ,
Таза бала.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері