Болды да партия
Бұл бетте «Болды да партия» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Болды да партия,
Ел іші жарылды.
Әуремін мен тыя,
Дауың мен шарынды.
Құрбыдай хош тұттым
Жасың мен кәрінді.
Жоқтамай, ұмыттым,
Ақыл мен нәріңді.
Ортаға көп салдым
Өзімде барымды.
Япырым-ау, неңді алдым,
Сау қоймай арымды?
Ойымнан ой бөліп,
Қозғадың тамырды.
Көңілге тік келіп,
Кетірдің сабырды.
Ойым да ақ, жарым да ақ,
Кеңімді, тарымды
Қарасам пайымдап,
Сөзің сол сарынды.
Өсекке салмаңдар
Ойымды, жарымды.
Өлшеуге алмаңдар,
Ойым бек тарылды.
Ұрыңнан асырдың
Сұм тілді қарынды.
Жасырдым, жасырдым,
Енді айттым зарымды.
абаи атамыз үлкенге курмет кишыге ізет көрсеткен
Абай ата өте ақылды болған. Ол кісі көптеген өлеңдер жазған.
Абай атамыз бізге көптеген өлендерің қалдырған
Абай ата бізге көптеген өлендер қалдырған
Солғой