Мұңды… Бақыт… – Назира Бердалы

Бұл бетте «Мұңды… Бақыт…» атты Назира Бердалы жазған бақыт туралы өлең берілген.

  • 01.12.2019
  • 0
  • 0
  • 4750
Қандай бақыт – қалаға қар жауғаны,
Ақ ұлпалар – көңілімнің маржандары.
Қандай мұңды – қар жауған құтты күні
Жанымда жоқ жалғызым жалғандағы.

Қандай мұңды – қардың да еритіні,
Қандай мұңды – жардың да жеритіні…
Қандай бақыт – көктемнің келетіні,
Қандай бақыт – бақытқа сенетінім…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері