Алтайды аңсау – Ырысбек Дәбей

Бұл бетте «Алтайды аңсау» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 592
Алтайдың қысы тым ұзақ,
Алтайдың қысы тым басқа.
Қиялдан тұлпар мініп ап,
Шегесің сапар бір басқа.
Әулие ақпас шоқылар,
Қарайды сұсты ғаламға.
Өзінен өзі оқылар,
Бір сыр бар осы заманға.
Аңсайды бәлкім алғашқы,
Аңқау да адал тұрғынын.
Сағынған шығар зар жақты,
Зарлығы менен Мұңлығын.
Буазып бұлттар бұйығып,
Тастарға анау жас тамған.
Көк жалқын отқа сиынып,
Алтайда тірлік басталған.
Алтайдың түні тым басқа,
Алтайдың түні кіл ертек.
Ол жерде кешер мұң басқа,
Дәуірді ұмытып тым елпек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері