Көкек ана – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көкек ана» атты Абдрахман Асылбек жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2993
Өкшесі тық-тық еткен,
Сағаты шық-шық еткен
Кербез еді Күнсұлу,
Күнсұлудан кім сұлу?
Қып-қызыл қып қасқайта
Бояу жақты башпайға.
Жарты іметр тырнағы,
Оны-дағы сырлады.
Қасына жоқ бір тыным,
Керіп қойды кірпігін.
Көзін күнде сүрмелеп,
Көйлек киді бүрмелеп.
Жартылай ашып анарын,
Жандырды жігіт жанарын.
Талайды естен тандырған
Сұлу-ақ еді антұрған.
Таныспай жатып ақыры,
Толыспай жатып ақылы,
Ақшасы мол біреуге
Шығып алды күйеуге.
«Твис», «Шейк», «Пачанга»
Бола берсін қашанғы.
Бір күні іші білінді,
Білінді де бүлінді.
Күнсұлу ана болды,
Бірақ, оған нала болды,
Балаға күтім керек,
Ананың ақ сүті керек.
Күнсұлу одан азар болды,
Басы қатып, базар болды.
Бір күні ол жеріне,
Былай деді еріне:
– Мына бәлеңді өзің бақ,
Не құртудың көзін тап.
Так что, бұл жүгермек
Қойды мені жүгендеп.
Апарып таста кемпірге,
Үйге қайтып келтірме.
Күйеуі мақұл деді,
Табылған ақыл деді.
Баладан солай құтылды,
Күнсұлу қайта құтырды.
Қырсыққанда, бірақ та,
(Құдай берсе жырақ па?)
Іші тағы білінді,
Білінді де бүлінді.
Бұрынғы ма бұрынғы,
Бұл жолы қатты ұрынды.
Тарай алмай бұрымды,
Сепкіл басты мұрынды.
Тістеніп тұрып тебіне,
Былай деді еріне:
– Сен менің байым боп,
Қартаятын жайым жоқ.
Қоса құры балаңмен,
Төркініме барам мен, –
Көріп қисық сыңайын,
Жұбатты ері жұбайын:
– Күнсұлужан, саспашы,
Еркелікті тасташы.
Ақылыңа басташы,
Нәрестеден қашпашы.
Бала – біздің бағымыз.
Жарқын болашағымыз.
Рас, алғаш қинайды,
Өсе келе ширайды.
Күнсұлу бұған көнбеді,
Үйге маза бермеді.
Безді байдан, баладан,
Не қайыр мұндай анадан?
Шошыма, дос, шошыма,
Көкек деген осы да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкек ана өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көкек ана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкек ана өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көкек ана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері