Бұл бетте «Қайран жастық дәурен-ай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Жігіт деген желікпеде жоқ тізгін,
Көздеріне қараймын деп көп қыздың,
Көп күнімді қызық қуып өткіздім,
Қайран жастық дәурен-ай!
Күлім қағып тұрса ару, төзбек кім?
Тыпыршыдым батса екен деп тездеп күн,
Уақыттың қысқа екенін сезбеппін,
Қайран жастық дәурен-ай!
Қыз алдында ақтарылмай қалмақ кім?
Барлық жақсы сөздерімді арнаппын,
Ойламаппын кімді ілерін қармақтың,
Қайран жастық дәурен-ай!
Тілсіз тылсым бақытына бөлеп түн,
Таң біліне өз жолыммен жөнеппін,
Ертең әке боламын-ау демеппін,
Қайран жастық дәурен-ай!
Құрдық біздер бір арумен жанұя,
Мекеніміз болса-дағы тар ұя,
Жүре бердім көңілім көл-дария,
Қайран жастық дәурен-ай!
Өзгелердей балаларды бақпадым,
Қамқор болып, қызмет те таппадым,
Өз бетімен күттім қанат қаққанын,
Қайран жастық дәурен-ай!
Ал, өзім ше, салқын сыра ұрттап,
Жүргенімде, бар талантым тұрып қап,
Күте алмаппын уақытты құрықтап,
Қайран жастық дәурен-ай!
Құдай маған талант берді, бақ берді,
Ойланатын, толғанатын шақ берді,
Тыңдамаппын, баса киіп шәпкемді,
Қайран жастық дәурен-ай!
Өрістете алмасаң ой өресін,
Кемшілікті енді кімнен көресің?
Өткен күнді есіңе ала бересің,
Қайран жастық дәурен-ай!
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі