Жыр жазады ақындар жиып есін – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жыр жазады ақындар жиып есін» атты Абдрахман Асылбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1195
Жыр жазады ақындар жиып есін,
Жиып есін, селтеңнен тыйып өзін.
Жанұялы болған соң – кең ұялы,
Қара қамыт мойынға киінесің.
Ақын деген, әрине, биік есім,
Бірақ, оттың басында иілесің.
Қатын менен балаңды аш қалдырып,
Ренжіткің келмейді үй иесін.
Сондықтан да кейбір сәт күйінесің,
Шабытыңды шақырып, шүйілесің.
Бұрқыратып жазасың, шырқыратып,
Өлең мейлі иісін, иімесін.
Алатұғын осы ма сый-үлесім?
Жинағымды ұсынам жиі несін?
Болмаса, аға, жақсы жыр жазбаймын ба,
Аңсап-аңсап оқитын сүйіп өзің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыр жазады ақындар жиып есін өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жыр жазады ақындар жиып есін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жыр жазады ақындар жиып есін өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жыр жазады ақындар жиып есін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері