Жаңа жыл жыры – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жаңа жыл жыры» атты Абдрахман Асылбек жазған мерекеге арналған өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 5872
Жаңа жыл есік ашты шырайланып,
Басынан шыршалардың шыр айналып,
Белеңдер басып өткен былай қалып,
Келер күн құшағына жыр айналып.
Арайлы алтын нұрлы Күн, Айды алып,
Әр үйге, әр жүрекке ұнай қалып,
Жаңа жыл есік ашты шырайланып.
Жаңа жыл есік ашты үміт болып,
Жайраңдап босағадан кіріп келіп,
Таңдары тамылжыған тынық болып,
Кезіккен кейбір кірбің ұмыт болып,
Жанары жалындаған жігіт болып,
Көл-көсір қуанышпен күліп келіп,
Жаңа жыл есік ашты үміт болып!
Жаңа жыл есік ашты салтанат боп,
Мереке, мол мейірім, мархабат боп,
Базына, базарлығын арқалап кеп,
Әсерлі, әдемі бір ән-қанат боп,
Шуақты, шұғылалы шартарап боп,
Шарпыған шабытымен шалқалап кеп,
Жаңа жыл есік ашты салтанат боп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңа жыл жыры өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жаңа жыл жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңа жыл жыры өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мерекеге арналған өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаңа жыл жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері