Күмбез – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Күмбез» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2224
Керімсал кербез дала керіледі,
Күй болып күмбір қағып төгіледі.
Мұнартып мұнаралар мың жыл тұрған,
Көз тартып қия белден көрінеді.
Ерекше соның бірі биік тұрды,
Еңсесі көк төсіне тиіп тұрды.
Құрметтей біле білген қашаннан да,
Бұл қазақ бақи болған сүйікті ұлды.
Қиырсыз құлан жортпас құм арасы –
Болды екен сірә кімнің мұнарасы?
Адамның перісі ме, серісі ме? –
Белгісіз жолаушыға бұл арасы.
Қорғаған елін жаудан батыр ма екен?
Жырлаған ұлылықты ақын ба екен?
Саралап әлем сырын тауыса алмай,
Әлде бір ғалым бабам жатыр ма екен?
Әйтеуір кім де болса тегін емес,
Өмір бұл өшпейтұғын – өлім емес.
Ғасырдан ғасырларға жалғасады,
Халықтың ғұмырынан беріп елес.
Шағылып шағыл құмда күн көзіне
Аударған ел назарын күнде өзіне,
Қараймын қасиеттеп басымды иіп,
Қадірлі бабалардың күмбезіне.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күмбез өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Күмбез өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күмбез өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күмбез өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері