Құтты болсын тойларың – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Құтты болсын тойларың» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 7204
Әнін жазған Әбиірбек Тінәлі

Күн күлімдеп көгінде,
Сәби келсе өмірге –
Шілдехана тойымыз
Менің-дағы, сенің де.
Еске алынып туған күн,
Ақтарылса думанды үн,
Ол да дарқан тойымыз,
Таң-тамаша қуған күн.

Қайырмасы:
Келсе өмірге бала,
Қызығым деп сана.
Көңіл мүлде сара,
Шаттық әнге сала.
Туған күнін жыл сайын,
Тойлатады ана.

Оқу бітіп, қуанып,
Алса балаң куәлік –
Ол да дарқан тойымыз,
Би билейміз бұралып.
Кереметтей күйге еніп,
Жатса жастар үйленіп
Ол да дарқан тойымыз,
Күмбірлеген күй болып.

Қайырмасы:

Желек жайған гүлің
– Өссін қыз бен ұлың.
Төгіп алтын нұрын,
Күлімдесін күнің.
Тойың тойға ұласып,
Жалындасын жырың.
Ардақталып тіліміз,
Салмақтанса дініміз
Ол да дарқан тойымыз,
Оңнан туған күніміз.
Бір кездегі жоғалған,
Бар жақсымыз оралған.
Ойда бүгін мол арман,
Тойға ұлы толар маң.

Қайырмасы:

Қасиетті елім,
Қасиетті жерім,
Кәусар бұлақ, көлің,
Жанға жайлы желің.
Тамаша мен тойларға
Тола берсін төрің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құтты болсын тойларың өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Құтты болсын тойларың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құтты болсын тойларың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құтты болсын тойларың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері