Өкініш – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Өкініш» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1490
Анамыз бір нанды
Берсе де тең бөліп,
Шығарып лаңды,
Лақтырдым мен келіп:
– Жемеймін жарты нан
Мені жек көресің.
Ағама қалпынан
Неге көп бересің?
Қойыпты ағам жеп
Болса да жарты нан.
Бүтінін алам деп,
Өкіндім артынан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері