Киік – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Киік» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2823
Келеді киік тобымен,
Келеді құлап дөнестен.
Келеді дала жонымен,
Қуалай қуып жел ескен.
Бәрібір оған жар, адыр,
Не керек жолдың төтесі.
Бәрі ұйқыда. Қарауыл —
Күзетте жалғыз текесі.
Қалғиды қалқан құлақпен,
Ұйқыда бәрі тым-тырыс.
Түртеді теке тұяқпен,
Шыға қалса бір дыбыс.
Суаттың суы мол емес,
Суылдай берер құрақтар.
Ойыны бейне төбелес
Алысады лақтар.
Сүзісе қалған сол бір кез
Тетелес өскен ұл-қыздай.
Құралай көз, мөлдір көз
Жарқ етер сонда жұлдыздай.
Атылып көкке секірді,
Бойында бір күш сиқырлы.
Өзіңнің балаң секілді,
Ол-дағы саған сүйкімді.
1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Киік өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Киік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Киік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Киік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері